😀😀😀 Былтыр қателеспесем шілденің 24 де, кешқұрым АҚШ тың Нью-Йорк қаласында алаңсыз жүргенмін. Кенет, жүзі жылы бір қызды көзім шалды. Қарасам қазақ қызы. Таймс-сквер қаланың қақ ортасы болғандықтан, дәл мұнда қазақтарды көру таң қалатын жағдай емес. Содан не керек, орындықта жабырқап отырған әлгі қыздың жанына барып "Сәлем" дедім. Мұхиттың арғы жағында қазақтың қоңыр үні қайдан шықты десе керек әйтеуір елең ете қалды. Сәл тұрып: - Сәлем! (таңырқай) - ... - Менің қазақ екенімді қайдан білдіңіз?! - Жемтігін алыстан сезетін көк бөрінің ұрпағы емеспіз бе? Қалай білмейін?) - Жемтігін? Түсінбедім! - Қалжыңымғой. Білмеймін, жүзіңіз ыстық көрінді. Тәуекел деп келіп тұрмын) - Бәсе, шошытып ала жаздадыңыз!) Сонымен не керек таныстығымыз әрмен қарай достыққа айнала бастады. Айтпақшы, есімі Әсем. Шыны керек Қазақстанда кезіктіре алмай, 10 жасымнан іздеп жүрген аруымды таймс-сквердің орындығынан таптым. Әсемнің оқуы осында екен, "New York Film Academy" дің 2 ші курс студентті. Талшыбықтай майысқан, сымбатты осынау қазақтың қара қызына өлердей ғашық болып қалғанымды өзімде сезбей қалыппын. Өзіме өзім сенбедім, дегенмен бізде тәуір-ақ махаббат хикаясы басталыпта кетті. Қасымнан бір елі жібергім келмейтіні соншалықты, өзімнің тұрып жатқан пәтеріме көшіп келуін өтіндім, көшіпте келді. Заттарды жайғастырып болып, жатып қалдық. Келер күні Әсем екеуміз, қазақстанның елшілігіне барып менің визамның уақытын ұзартамыз деп келіскенбіз. Мені 8 де оятуы тиіс еді. Оятты. Бірақ Әсем емес, мамам айқалап жүріп оятты. Кеше бұзаудың бауын бостау етіп байлап қойып едім, қашып кетіпті. Бұзауды қуып келе жатып Әсемді есіме алып бір күрсініп алдым. Атаңанәлет, Америка да емес біздің ауылдың қызы болғанда деп қоямын ішімнен. Енді ондай түсті қашан көремін?

Теги других блогов: Нью-Йорк қазақ кызы танымалдық